- Advertisement -

Дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды

120

- Advertisement -

23 қаңтарда «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі  4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен  медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те  шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқының көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен  кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты

ТЖМ ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

ҚР ТЖМ  баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support