Жаңалықтар

Дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды

Дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды

23 қаңтарда «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі  4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен  медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те  шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқының көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен  кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ТЖМ ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

ҚР ТЖМ  баспасөз қызметі