- Advertisement -

Нүркен Мәзбаев – «Тараз» клубының бас жаттықтырушысы

133

- Advertisement -

Былтырғы жылғы маусымда ала-құла ойнап, аяғында оныншы орынмен Премьер –лигада әрең қалған «Тараз» футбол клубында біраз өзгерістер болып жатыр. Клубты былтыр басқарған Талғат Апсаматов басқа жұмысқа ауысып, директорлық орынын бұрын осы командада доп тепкен Жандос Ахметовке босатты.

Ал бас бапкер болып танымал футболшы Нүркен Мәзбаев тағайындалып отыр. Нүркен «Тараз» үшін тосын емес. Кезінде осы команда сапында доп теуіп, клубты талай жеңістерге жетелеген. Ол ойнаған жылдары «Тараз» ел чемпионы да болған еді. Осы кезге дейін Мәзбаев командада жаттықтырушы қызметтерін де атқарған кездері болды. Мәзбаевтың көмекшілері Нұрмат Мырзабаев, Ерлан Елеусінов, спорттық директор болып Азамат Ниязымбетов те клубқа нағыз жаны ашитын азаматтар деп айта аламыз.
Бір қуанарлығы аталған командада қай кезде де клубты тастап кетпейтін патриот ойыншылар бар екен. Бірер күн бұрын команданың көшбасшылары, ұлттық құраманың ойыншылары Бауыржан Байтана, Мұхамеджан Сейсен, еліміздің жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек, Дінмұхамед Қараман клубпен келісімшартты ары қарай ұзартты. Сонымен қатар өзге командаларда ойнап жүрген жамбылдықтарды да қатарға қосу көзделіп жатыр.
«Тараз» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастап, сол жақта оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support