Төтенше жағдай аяқталса да, терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады

25

Аймақта төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан, террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады. Өйткені терроризмге қарсы операциялар аяқталған жоқ.

Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы хабарлады. Штабтың мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок бекеттердің жұмысы жалғасуда.
«Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды өтінді. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.