Жаңалықтар

Елімізде 400 мыңға жуық оқушы вакцина салдырды

Елімізде 400 мыңға жуық оқушы вакцина салдырды

18 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 082 930 адам, ал екінші компонентін - 8 643 043 адам салдырған. Pfizer вакцинасының I дозасын – 482 873 адам, ІІ дозасын 250 158 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентпен – 379 328 жасөспірім, 25 464 – жүкті әйел,   65 337 – бала емізетін әйелдер қамтылды. Ал ІІ компонентпен 202 481 – жасөспірім, 12 772 – жүкті әйел,  34 894 – бала емізетін әйелдер салдырды.