- Advertisement -

Біз нағыз қаскөйлермен бетпе-бет келдік

207

- Advertisement -

Жаппай тәртіпсіздіктің Тараз қаласында да орын алуы біз секілді күштік құрылымдарға үлкен сын болды. Себебі бірнеше әкімшілік ғимаратты өртке орап, тағы бірнеше нысанға шабуыл жасаған бұзақылардың әрекеттеріне ең алдымен менің әріптестерім тойтарыс берді. Олардың қатарында әскери қызметшілер де, полиция жасақтары да, қауіпсіздік саласының мамандары да бар.
Біз нағыз қаскөйлермен бетпе-бет келдік. Олардың соққысына төтеп бердік. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бұйрыққа сәйкес, қарапайым халықтың амандығына баса мән бердік. Өйткені бүлікшілердің жалған ұранына, арандатуына еріп кеткен жастардың да сол қауіпті ошақтарда жүргені рас еді. Оны тиісті органдар анықтап жатар.
Менің қызметтестерім өздерінің міндеттерін абыроймен атқарды деп білемін. Біз қаладағы негізгі нысандарды барынша сақтауға тырыстық. Оларға шабуылдаған қаскөйлерді ұлттың жауы деп ойлаймын. Олардың жүздері де сондай қорқынышты болды. Ештеңеден тайсалған жоқ. Биліктің сөзіне құлақ асқылары келмеді. Басты ниеттері бүлдіру болатын.
Рас, еліміз, оның ішінде құқық қорғау органдары біршама шығынға ұшырады. Біз батыл да ержүрек әріптестерімізден айырылып қалдық. Олардың есімдерін ешқашан ұмытпаймыз, құрметтейміз.

Самат БОШКАЕВ,
Тараз қалалық полиция басқармасы жол-патрульдік полициясының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support