Облыста 40741 тұрғын қайта вакцина алды

21

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жұмыстары өңірде өз ырғағымен жүргізілуде. Облыста вакциналар жеткілікті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 қаңтардағы жағдай бойынша 633107 адамға екпенің алғашқы компоненті егілді. Ал вакцинаның екінші компонентін 560670 адам алды. 40741 жамбылдық қайта вакцинацияланды.

Сонымен қатар Pfizer вакцинасының алғашқы компонентімен 24757 адам вакцинацияланды. Олардың 20475-і жасөспірім, 1671-і жүкті және 2611-і бала емізетін әйелдер. Бұл вакцинаның екінші компонентін 7316 адам алды. Егу науқанын жалғастыру үшін өңірде бірінші компоненттің 92044 дозасы және Pfizer вакцинасының екінші компонентінің 109684 дозасы, «Спутник V» екінші компонентінің 29665 дозасы, Sinopharm екінші компонентінің 6988 дозасы, QazVac екінші компонентінің 25929 дозасы, CoronaVac екінші компонентінің 66 дозасы бар. Облыста ревакцинация жүргізу үшін вакциналардың тек 11092 дозасы: QazVac вакцинасының 9342 дозасы және Sinopharm вакцинасының 1750 дозасы бар.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.