- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру маңызды

164

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік мүдде таразы басына түскен шақта дұрыс әрі жедел қабылдаған шешімін қолдайды!  Ол халықтың баға жетпес құндылығы!

ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталды» деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы сөзінің негізгі түйіндері әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытты қамтыды. Құқық қорғау органдары мен Қорғаныс саласын реформалау жөнінде де бірқатар жаңа тапсырмалар алға қойылды. Тауар тапшылығы, азық-түлік баға көтерілмеуі үшін тиісті жұмыстар да басталатындығы белгілі болды. Ауыл шаруашылығына баса назар аудару қажет екенін басып айтты. Көші-қон да реттеледі деген сөз қозғалды,  жұмыссыздық мәселесінің шешілуі көзделді. Шағын және орта бизнеске қолдау жасалады. Өзінің және ұрпағының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. “Мұғалім-мектептің жүрегі” деген Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтірген Президент мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттік басқару саласы реформаланатыны жөнінде хабардар болдық.  Сондай-ақ, мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды да назардан тыс қалдырған жоқ. «Білім беру жүйесінің міндеттері-…жеке адамды қалыптастыру, сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану керек»- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір кітапханашының алдына қойған басты міндеті-заманауи әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отырады.

Арнайы кітапхана Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру, инфақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аудару керек» — деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқырмандарды  патриоттық тәрбиеге баулып, жастарға Отанын, салт-дәстүр мен әдет ғұрпын кеңінен насихаттайтын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ақпараттық білім беру және мәдени-демалыс орталығы ретінде кітапхананың жұмысы ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы тапсырмалары толық іске асуы жолында барлығымыз бір адамдай бірлесіп, атсалысу керекпіз. Көк байрағымыздың астында бір ел болып, мемлекетіміздің бірлігін сақтау, әрқашан бейбіт ел қатарында болуға шақырамыз.

               Гүлнұр Қырғызбай,

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін

азаматтар кітапханасының әдіскері

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support