- Advertisement -

Әскери инфрақұрылым нысандары – сенімді күзетте

215

- Advertisement -

Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап еліміздің барлық өңірлерінде халықтың қауіпсіздігін арттыру бойынша іс-шаралар қабылданды. Қарулы Күштер әскери нысандардың аумақтарын және әскери қызметшілердің отбасылары тұратын орындарды күзетуде.

Әскери қалашықтар мен жатақханалар жалпы патрульдеу жүйесіне енгізіліп, әскери бөлімдердің жеке құрамымен күзетілуде. Осылайша, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Атап айтқанда, Алматыда әскери қалашықтар мен жатақханалар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды десанттық-шабуылдау бригадасының бөлімшелері және Құрлық әскерлерінің Әскери институты, ал Атырауда әскери полиция қызметкерлері жүзеге асырады. Өскемен мен Үшаралда әскери қызметшілер, әскери полиция және ішкі істер органдары қызметкерлері қатарынан күзет және қорғаныс құрама жасақтары құрылды.

Дүкендер, балабақшалар мен басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қалыпты режимде жұмыс істейді. Электр энергиясымен, су және жылумен жабдықтауда еш кедергілер жоқ.

Сонымен қатар, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс істеу қызметтері оларға психологиялық тұрғыда қолдау көрсетеді. Оған сәйкес «жедел желі» жұмыс істеуде.

Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрілігі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support