- Advertisement -

Президентіміздің шешімін қолдап, Үкіметке көмектесуіміз керек

54

- Advertisement -

ҚР ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманалиев Президенттің елдің, ұлттық мүддеге тамыр тартқан сөздерін тыңдап, риза болғанын айтты, — деп хабарлайды «Aq jol» — akparat» Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

– Президент сөзін тыңдадық. Ұлттық мүддеге тамыр тартқан сөздерін тыңдап, риза болдық. Әсіресе, ғылым, білім өкілі ретінде мен Президенттің ел болашағын біліммен байланыстыратынын тағы да қайталап өткім келеді. Мемлекет басшысы оқушыларымыз білімді болу үшін сауатты, білімді кадр керектігін алға тартты. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеруге, біліктілігін арттыруға арнайы бағдарлама дайындауды Үкіметке тапсырғандығы біз үшін қуанышты хабар. Екіншіден, еліміздің көп халық тұрақтаған ауылды жердегі азаматтарға оқу гранттарын көбейту мәселесі күн тәртібіне енгізілген. Ауылдағы балалардың жағдайлары жасалып жатыр. 30 пайыздық квота бар. Бірақ Президент оны еселеу керек деу арқылы елінің болашағын біліммен байланыстыратынын танытты. Біз осы жағын жақсы ұқтық. Біз Президентіміздің шешімін толықтай қолдай отырып, оны жедел жүзеге асыру үшін Үкіметке көмектесуіміз керектігін ұмытпайық, ағайын, – деді академик.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support