Баға тұрақтылығы күнделікті бақылауда

43

Облысымызда жағдай тұрақталды. Ахуал жергілікті билік құрған жедел штабтың бақылауында.

Облыс орталығы Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 200-ден аса құқық қорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алған.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2000 мыңға жуық.
287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылған. Бүлікке қатысушылардың басым бөлігі 17-25 жас аралығындағы жастар.
Жедел операциялардың нәтижесінде 295 күдікті ұсталып, 19-ы соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 84 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Олардың 114-іне әкімшілік іс қозғалған (108 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 3-уіне айыппұл салынып, 3-уіне ескерту берілген).
6 мемлекеттік ғимарат (облыс әкімінің аппараты, «Nur Otan» партия филиалы, полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі), 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.
Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Алдын ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд. теңгені құрайды.
Бүгінгі күні зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 21 арнайы техника, 160 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.
Облыс аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс жасауда, сұйық отын қоры жеткілікті.
Медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағармай құю бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда.
Азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Баға тұрақтылығы күнделікті бақылауда.
Темір жол вокзалында сағат 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.
Қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда.
Облыс бойынша 29 блок бекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блок бекет қойылған. Барлық көліктер тексерілуде.
Блок бекеттерде шетел, басқа өңірлерден келген көліктер анықталуда.
Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 6000-ға жуық құқық қорғау органдары мен әскерилер және 304 арнайы техника жұмылдырылған.
Ал тәртіпке шақыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарына 5 мыңнан астам зиялы қауым, қоғам белсенділері, беделді спортшылар және тағы басқа тұлғалар тартылған.
Облыста төтенше жағдай енгізілген. Коменданттық сағат уақыты кешкі сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін.
ТЖ бекеті, әуежай, әскери қоймалар, «Әмір және Д» әскерилердің қорғауында.
Сондай-ақ маңызды стратегиялық нысан болып табылатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ әскерилермен қорғалуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.