- Advertisement -

Білімді ұрпаққа деген қамқорлық

39

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Үкіметке өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың да осыған орай шұғыл жиын өткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар бергенін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар болдық.
Президент мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Себебі Президент айтқандай, мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – қоғам дамуының маңызды факторы.
Еліміздегі ұстаздар қауымын нақты қолдау – бұл еліміздің саналы және білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші. Мұғалімдер беделін көтеру және оларды материалдық тұрғыда қолдау олардың лауазымдық еңбекақысын ұлғайту ғана емес, оқытушы мамандығының абыройын көтеруге, ең алдымен мұғалім біліктілігін жетілдіруге ынталандыруға, өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін меңгеруге оң ықпалын тигізері сөзсіз. Аталған елеулі тұжырымдар саланың жаңа жағдайдағы дамуына кең жол ашады деп ойлаймыз.

Қайрош ЖҰМАБАЕВ,
№30 Көктөбе орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support