- Advertisement -

Тығырықтан шығудың жолы тұтастық пен тұрақтылық

133

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін ұжыммен бірге тыңдап, жылы қабылдадық. Президент саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты бастамалар айтты.
Ел Президентінің барлық бастамасына қолдау білдіру біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысының барлық әрекетін ашық, жариялы түрде жасап жатқандығы – тұрақтылықты сақтап қалуға барынша күш салып отырғанын көрсетеді.
Президент Үкіметке және «Атамекен» ҰКП-ға халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту мәселесін айтты. Бизнестің назардан тыс қалмайтынын, зардап шеккен кәсіпкерлердің барлығына қолдау болатынын атап өтті.
Президентке барлық жағынан қолдау білдіруіміз керек. Бұл – елді тығырықтан алып шығудың жалғыз жолы тұтастық пен тұрақтылық деп санаймын.

Еркін Атымтаев,
облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support