Төтенше жағдай: Тараз қаласындағы түрлі саланың жұмысы қайта жанданды

43
  • Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 7 наубайхана жұмыс істейді. Олар: ЖК «Козин», ЖК «Бидай нан», «Тараз нан зауыты» ЖШС, ЖК «Касымов М.», «Надыров» ЖШС, ЖК «Шермухамедов» және ЖК «Ким В.В.». Қала бойынша нан қажеттілігі тәулігіне 80 000 — 83 000 дананы құрайды. Тіркелген наубайханалар нанға деген қажеттілікті толығымен қамтуда. Қаладағы сауда орындарындағы нанның бөлшек бағасы 80-90 теңге аралығында сатылуда, баға тұрақты. Қала бойынша наубайханаларда ағымдағы жағдайда  48-тонна жоғары сұрыпты ұн, 959-тонна бірінші сұрыпты ұн және «Ақ сарай» ЖШС 540 тонна бидай  қалдығы бар.
  • Бүгінде Жамбыл облысында орналасқан 11 екінші деңгейдегі банктердің ішінен 7-уі жұмыс жасауда, жұмыс уақыттары шектеулі сағ. 9.00 ден 17.00 ге дейін, аудандарда орналасқан банк бөлімшелері толығымен жұмыс жасауда, кейбір банк операциялары шектеулермен көрсетіледі (валюта айырбастау операциялары және т.б.)
  • Темір жол бағыты бойынша барлық бағыттар штаттық кестеге сәйкес жұмыс жасауда.

Бүгінде  Халықаралық Әулие-Ата әуежайынан Тараз-Нұр- Сұлтан бағыты бойынша күніне бір рейс (дүйсенбі, сейсенбі күндері сағат 9.30-да, ал қалған күндері сағат 18.45-те) қатынауда. Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты Тараз-Алматы әуе бағыты тоқтатылған.

  • Бүгіннен бастап  қала аумағында 34 бағыттағы 222 автобус  сағ 08:00-ден 21:00-ге  дейін қатынайтын болады. Төлемақы «TulparCard» арқылы (интернет болмаған жағдайда төлемақы қолма-қол) жүргізіледі.
  • Төтенше жағдай режиміне сәйкес қала аумағындағы балабақшаларға балаларды қабылдау 17 қаңтардан басталады деп жоспарлануда.
  • ХҚКО, емханалар, коммуналдық мекемелер, мектеп, колледж, университет жұмысына қатысты 10 қаңтардағы ақпарат өзгеріссіз қалды.

 

Comments are closed.