Мәдениет

Жер жәннәті – Жетісу

Жер жәннәті – Жетісу

Қоңыржай белдеуде орналасқан мамыражай өңірдің тұнба тарихын, өткенін, бүгінін Алатаудың жұртшылығына қаз-қалпында ұсынуды мақсат еткен біздің өңірдің Алматы облысындағы мәдениет күндері де түйінделді. Қарт Қаратаудың сәлемін асқақ Алатауға әнмен, бимен, күймен жеткізген біздің өңірдің мәдени қызметкерлері оңтүстік астанамен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан талдықорғандықтарды тәнті етіп кетті. Бұл күні тарих қатпарынан сыр шертетін экспонаттар экскурсоводсыз-ақ тіл қатты. Құмнан сурет салғандардың өнеріне жергілікті жұртшылық бас иді.  7 6 5Туған топырақта өткен «Азия елі» жерлестер фестивалі қазақстандық және ресейлік әйгілі эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты. Адамзаттың тағдыры туған елдің тағдырымен тамырлас екеніне тағы бір мәрте көз жеткізген шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, қатысушыларды құттықтады. – Бұл қаланы сіздермен байланыстырып тұратын дүниелер өте көп. Осы тұрғысынан алғанда бұл жоба ерекше болды. Биыл екінші рет өткізіліп отырған фестивальде қуана қауышқан өздеріңізді көріп, бұл шешімнің оң бастама болғанына көзіміз жетіп отыр. Туған жерлеріңізге қош келдіңіздер!– деді Б.Серікбекұлы. «Ұлы жердің ұрпақтары» атты концерттік бағдарламаның бірінші бөлімі ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналса, екінші бөлімінде Мәскеу қаласының Анна Герман репертуарынан ән орындайтын эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Фестиваль қонақтары өз заманының өшпес хиттарына айналған «Эхо любви», «Когда цвели сады», «Надежда» әндерінің орындаушысы, атағы әлемге тараған әнші Анна Германның Таразда туылғандығымен мақтанатынын жеткізді. «Бұл фестиваль – Достастық елдері мен Орталық Азия елдерінің аумағында өткен тұңғыш жерлестер фестивалі болып табылады. Шара идеясының авторы Тараз тумасы, ресейлік шансонье Михаил Бондарев, оның «Менің шағын Жамбылым» атты әні аса танымал. «Мен бұл әнді жылап тұрып орындаймын. Биыл мен де екінші рет келіп тұрмын. Жерлестерімді көруге, туған жеріме жылына бір рет болса да табан тіреуге қатты асығамын» дейді Ресейден келген Сергей Ильичев атты азамат. Фестивальдің екінші күні орталық стадионда шетелдерде тұратын ұлттық диаспоралар өкілдерінің 10 командасы футболдан өзара сайысты. Ал «Мамыр» тоғайындағы дәстүрлі далаға саяхатта жерлестер емін-еркін шүйіркелесіп, аспан астында көрсетілген «Джентльмены удачи» фильмін бірге тамашалады. Фестивальдің соңғы күніндегі қорытынды концерттің алдында тараздық «Джип-клуб» автокеруені ұйымдастырылды. 20 көліктен құралған керуен Тараз қаласының көшелерімен жерлестер фестивалінің символикасы бейнеленген плакаттарды алып жүрді.

Қарт қаратаудың сәлемін қабыл алды

Бақыт Тоқсанбаева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры: «Біздің басты мақсатымыз – шаһарымыздың бай тарихын талдықорғандықтарға көрсету болды. Мәселен, актерлеріміз Бауыржанның, Жамбылдың және өзгелердің болмысын паш етсе, сонымен қоса, Айшаны жылан шаққан жерді де көрініс ретінде көрсете білдік. Одан бөлек, қазба жұмыстарының нәтижесінің бір бөлігін де ұсындық. Көне Тараз қаласының кішігірім макеті арқылы жұртшылық тарихты тани түсті деп ойлаймыз. «Шахристанның», Рабаттың, мешіттің, медресенің қай жерде, қалай орналасқанын да талдықорғандықтар көзбен көргендей күй кешті. Бұдан кейін балбал тастар да өткен күнді еске түсірді. Шаһарымыздың екі мың жылдығына соғылған тас мүсіндер де тарихтан сыр шертпейді ме? Бастысы – біздің мұражай Алтын адамның көшірмесін алғаннан кейін, өзгелерге оның көшірмесін жасауға тыйым салынған болатын. Соны алып келгеніміз де үлкен абырой болды. Ол біздің ерекшелігіміз». Иә, біздің музейдің экспонаттары да, жалпы тарихи құндылықтары да көз алдыңа құдды бір қойылымды әкелгендей күй кештірді. Айталық, тиграхаудтардың ханшайымы болған Томирис ханшайымның бейнесіне тамсанбағандар қалмады. Сондай-ақ, Қаратау бөктерінде алғашқы адамдардың қонысы кезінде табылған да болатын. Осы күні алғашқы қауымдық құрылыс адамдары алдымен тіл емес, дыбыс пайда болғанына иландырды. Алақ-жұлақ олардың бейнесін, айқайлаған дауысын көрген алматылықтар алдымен шошып қалса да, кейіннен олармен суретке түсіп, арқа-жарқа болысты. Біздің эрамызға дейінгі ғасырлардағы сақ дәуірінің сарқыты іспеттес дулыға Қордай ауданынан табылған-ды. Кеңес үкіметі тұсында үш қана дулыға табылған болса, соның бірі біздің өңірде. Сақ дәуірінен сыр шертетін бұл дулығаны көрсеткеніміз де біз үшін мақтаныш, әрине. Бұған қоса, батырлардың сауыты, сайманы, керамикалық бұйымдардың бәрі еліміздегі ең көне шаһардың тарихын таныта алды. Алматы облысындағы мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Ғани Садырбаев белсене атсалысты.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол».

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.