- Advertisement -

2022 жыл: атаулы күндер мен мерейтойлар

1 034

- Advertisement -

  1. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына – 110 жыл (12.01.1912 — 22.08.1993 ж.);
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту және Гимнінің қабылданғанына – 30 жыл (4 маусым, 1992 ж.);
  3. «Алаш қозғалысына» – 105 жыл (1917 ж. 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық кеңес құрылған);
  4. 1937 жылғы Саяси репрессиясының басталғанына – 85 жыл (31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні);
  5. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағын айқындаған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» Стратегиясының қабылданғанына – 25 жыл (1997 ж.);
  6. Алматы қаласында өткен қазақтардың І-ші құрылтайына – 30 жыл (28 қыркүйек, 1992 ж.);
  7. Қазақстанның Бас прокуратурасының құрылғанына – 120 жыл (13.07.1902 ж.);
  8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына – 30 жыл (1992 ж.);
  9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанына – 30 жыл (13.07.1992 ж.);
  10. Қазақстан РеспубликасыныңПолициясына – 30 жыл (23 маусым, 1992 ж.);
  11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрылғанына – 75 жыл (1947 ж.); Академияның тұңғыш президенті академик Қ.Сәтбаев (одан кейінгі жылдары Д.А.Қонаев, Ш.Шокин, Ш.Есенов, А.Қонаев, М.Айтқожин, Ө.Сұлтанғазин, К.Сағадиев, В.Школьник, Н.Айтхожина, С.Дәукеев, М.Жұрынов).

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support