- Advertisement -

Міндетті медициналық сақтандыру талаптары 1 қаңтардан бастап өзгерді

68

- Advertisement -

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптары өзгерді. Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.

БЖТ: қала тұрғындары үшін — 1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін — 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар 11 миллионнан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды. Еске салсақ, бұған дейін де 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгеретіндіге туралы хабарлаған болатынбыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support