- Advertisement -

Азаматтар үшін цифрлық сервистердің сапасын одан әрі жақсарту және құру

129

- Advertisement -

Коронавирустық инфекция пандемиясы басталғаннан бері бүкіл әлем жаңа режимге бейімделуге және өмірдің барлық салаларына, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласына цифрлық технологияларды енгізуге мәжбүр болды.

Бұл ретте, электрондық қызметтерді сапалы және артық кедергілерсіз алу мүмкіндігін қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 697 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 174-і жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 162 қызмет (93,1 %);
  • қағаз түрінде – 12 қызмет (6,9%);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 96 қызмет (55,2%).

2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында республиканың барлық аймақтарында «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және азаматтарға арналған үкімет құру жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді,  мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы тапсырма берілді.

Келесі міндет ақпаратқа еркін қол жеткізу арқылы қажетті қызметтерді алуға жағдай жасау болды. Бұл мәселенің шешімі «электронды үкімет» порталын құру болды.

«Электронды үкімет» дәстүрлі басқарудың қосымшасы немесе аналогы емес, тек мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануға негізделген азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жаңа тәсілін анықтайтын құрал болып табылады.

Қазіргі уақытта, азаматтар мемлекеттік корпорацияның филиалдары,
«e-Gov» порталы мен мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштерін бере алады. Өз кезегінде сіз, дайын құжаттарды курьер арқылы, SMS-хабарламалар арқылы немесе электрондық пошта арқылы ала аласыз.

Болашақта «электронды үкімет» қазіргіден өзекті бола түседі. Бұл тенденция ақпараттық жүйелерді дамытудың салдарынан туындап, технологиялар әлеуметтік коммуникация мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп үкімет, бизнес және азаматтар арасындағы интеграцияның жаңа формаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған орай, біз азаматтарды ақпараттық технологияларды дамытуда шет қалмай, белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Ол үшін, электронды үкіметтің вэб-порталына кіріп немесе мобильді базада тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбаны алуыңыз керек. Нәтижесінде үйден шықпай-ақ электронды цифрлық қолтаңба арқылы «E-Gov», «еGovmobile» арқылы бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы қызметтерді ала аласыз.

Сонымен қатар, цифрлық құжаттарды қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні «еGovmobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде цифрлық құжаттардың 18 түрі іске асырылды (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Көп балалы отбасына жәрдемақы алушы», «Мүгедек адамның куәлігі», «Атаулы әлеуметтік көмек алушы»
3 цифрлық құжаты қосылды).

Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыртқы платформаларға шығару болып табылады. Автомобильді сатып алу-сатуды тіркеуден және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден басқа, Kaspi және HalykBank қосымшаларында бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша қызметтер іске асырылды.

Kaspi және HalykBank мобильдік қосымшасы арқылы 70 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркелді, сондай-ақ автокөлікті сатып алу-сату бойынша
120 мыңнан астам мәміле жасалды.

Мобильді қосымшаларда азаматтар үшін қолжетімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын жыл сайын арттыру жоспарланған.

 

Диана ИСКАКОВА,

Жамбыл облыс әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

 мониторингілеу бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support