Жаңалықтар

Елдің де, Әулиатаның да үміті – жастар!

Елдің де, Әулиатаның да үміті – жастар!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Татулықтың тірегі – Тәуелсіз ел жастары» атты жастар форумы және облыс әкімінің «Әулиеата үміті» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салатанатты шарада алдымен «Әулиеата жастары» энциклопедиясының тұсауы кесіліп, LED-экраннан облыстық жастар басқармасының 2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Мұнан соң аймақ басшысы «Әулиеата үміті» жастар сыйлығының номинанттарын құттықтап, облыс әкімі мемлекетітіміздің болашағы – талантты жастарды қолдау шаралары алдағы жылдары да жалғаса беретінін атап өтті.  width=

 width= ​Бұдан соң комиссия шешімін «Әулиеата үміті» байқауының жеңімпаздары, яғни, бірқатар үздік жастар марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясымен Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Бақытжан Құтжан, «Үздік жас ғалым» номинациясымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің магистранты Көркемжан Қанат, «Ең үздік жас мұғалім» номинациясымен «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Алмас Тыныш, «Үздік жас спортшы» номинациясымен «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» жүзу спорт түрінен спортшысы Нұрдәулет Жұмағали, «Үздік жас медицина маманы» номинациясымен облыстық көпбейінді аурухананың хирург дәрігері Жантөре Молдашев, «Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясымен Жамбыл ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны Балжан Темірланқызы, «Қорғаныс саласының үздік жас қызметкері» номинациясымен Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының көмекшісі Дастан Аязбеков, «Үздік жас жазба ақын» номинациясымен «31» телеарнаның Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нұрболат Жолдасбек, «Үздік жас айтыскер» номинациясымен Байзақ аудандық Әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне қарасты Көктал ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Дархан Әбдіманатұлы, «Үздік жас баспа журналист» номинациясымен «Знамя труда» газеті редакциясының тілшісі Диана Қалманбаева, «Үздік жұмысшы жас» номинациясымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Жамбыл магистралды желі бөлімшесі» филиалының Шу сигнализациясы және байланыс дистанциясының бас инженері Бақ-Даулет Базарбекұлы, «Қоғамдық қызметтегі үздік жас» номинациясымен «Таластың сөнбес сәулесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақсұлу Байболатова, ​«Театр және кино саласының үздік жас актері» Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі Жорабек Төлеген марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы статуэтка, диплом және ақшалай (200 мың теңге) сыйақы табысталды. Салтанатты шара облыстық филармония әншілерінің концертімен жалғасты.