- Advertisement -

«Сергек» жүйесі іске қосылатын күн жақын

166

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік (әрі қарай-МЖӘ) жобасы бойынша, «IP Технологиялар» ЖШС және «Көркем Телеком» ЖШС құрамындағы Консорциуммен 2021 жылдың 14 желтоқсанында шартқа қол қоя отырып, тікелей келіссөздердің аяқталғаны туралы хабарлайды.

Аталған жоба қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен құқық тәртібінің жалпы деңгейін арттыруға, жол-көлік оқиғаларында өлім-жітімді азайтуға, қалалық көлік саласын басқару, сапасын арттыруға, қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етуге, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жедел жағдайды бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  1. 35 желілік учаскедегі аппараттық-бағдарламалық кешен /АБК/;
  2. 13 қиылыста АБК;
  3. 450 нысанға 1250 жалпы бейнебақылау камералары.

Жол қозғалыс ережелерін бұзушылықтарын фото-бейне тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерінің функциялары:

— нейрондық желілер мен machine-learning негізіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану;

— автокөлік құралдарының жылдамдығын оптикалық есептеу;

— бұзушылықты бейне және фотофиксациялау;

1) жылдамдық режимі;

2) бағдаршамның тыйым салатын сигналына тоқтау-сызығының қиылысуы;

3) бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүріп өту;

4) жол таңбасы талаптарын сақтамау.

«Сергек» АБК-ны орнату бақылау учаскелерінде жол қозғалысы қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін сақтауын тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге, қарау-іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар мен зардап шеккендер санын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін 9 ай ішінде енгізу жоспарлануда.

Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support