Жаңалықтар

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары ұлықталған күн

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары ұлықталған күн

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық мәдениет үйінде аудандық "Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары" форумы өтті. width=

Форумда аудан әкімі Олжас Қаржауов аудан тұрғындарын тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.  width= - Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сіздер тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан жастар бүгін де еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек, - деді аудан басшысы. Әрі қарай аудан басшысы елеулі еңбек еткен ұстаздарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Кеш соңы әсем әнмен жалғасты.