- Advertisement -

Ердің ері — Елбасы

173

- Advertisement -

Ердің ері — Елбасы

Бар әлем бағалаған тұлғасында,
Әкелген нұрлы, шуақ күнді осында.
Елбасының бұл тұста еңбегі мол,
Тұрса елім еркін болып шың басында.

Қабыл боп ата-баба аңсағаны,
Тәу етіп, тұрпатыңа тамсанғалы.
Отыз жыл! Елбасымен бірге елім,
Жаһанға «Қазақпын!» деп жар салғалы!

Шеберміз көтеруге мүлдем кеуде,
Еңсеміз өзгелерден мүлдем кем бе?
Елін сүйген Елбасын кіналайды ау,
Отбасын басқара алмай жүргендер де.

Еркіндік – патриоттық сәтті ақтару,
Әр сәтің үшін күйіп, от боп жану.
Елбасы айтты құндылық Тәуелсіздік,
Ең қиыны оны бірақ сақтап қалу…

Ізгілік қасиетке болмай тапшы,
Қанатты тек биікке самғай қақшы.
Бар әлем ардақтаған Елбасыны,
Өзіміз бағаласақ қандай жақсы!

Асылхан Абзалбеков,
Жамбыл политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

 

 

Тасиды көңіл қуанып…

Жол тауып әділ жан-жақтан,
Қабағын елдің дәл баққан.
Елімен бірге еңсеріп,
Еркін күнді орнатқан!
Ол –Елбасы!

Әлемге ортақ сыйлы адам,
Көңіліне көркем құйған ән.
Әлемнің бар қазағын,
Құрылтайға жинаған.
Ол – Елбасы!

Атсыншы деп бақыт таң,
Ұмтылып қалмай уақыттан.
Болашақ үшін жастарды,
«Болашақпенен» оқытқан.
Ол –Елбасы!

Сырт елдерге өтіп кең,
Уақыты тең жақұтпен.
Елім тыныш болсын деп,
Шекараны бекіткен
Ол – Елбасы!

Астананы сай қылған,
Елдің бағын жандырған.
Ұрпаққа жайлы болсын деп,
Жаңа мектептер салдырған
Ол –Елбасы!

Бастаған ізгі жолға шын,
Дамудың тапқан арнасын.
Халқыңмен бірге жасай бер,
Елін сүйген Елбасым!

Есет ДОСАЛЫ.

 

Заңғарларға бастай білген өр елін

Өнегемен өрнектеген ғұмырын,
Ұлықтаған ұлтымыздың ұғымын.
Елбасының еңбегі ерен қашанда,
Биіктеткен Тәуелсіздік тұғырын.

Заңғарларға бастай білген өр елін,
Көшбасшыға арналады өлеңім.
Елбасының жолы тұнған тағылым,
Мойындаған кіл мықтылар беделін.

Шабытпенен жүректерден жыр ұшпақ,
Шырқатайық татулықпен ту ұстап.
Бірлік деген баға жетпес қазына,
Елімізде орнасын тек ырыс-бақ.

Гүлнұр ТЕМІРЛАН,
С.Сейфуллин атындағы
орта мектептің қызметкері.

Жаңатас қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support