- Advertisement -

Жаңа медициналық орталық ашылды

269

- Advertisement -

Жанның саулығы – тәннің саулығы. Ауданымызда денсаулық сақтауға арналған арнайы орындар қатары тағы бір мекемемен толығып «Серпін» медициналық орталығы ашылды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ел игілігіне ұсынылған жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, аудан басшылығы атынан құттықтауын жеткізді.
– Халық денсаулығы – тәуелсіз еліміздің баға жетпес байлығы. Елімізде тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның жарқын көрінісі – жыл сайын медициналық тіректер, ауруханалар салынуда. Міне, бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, аудан орталығында «Серпін» медициналық орталығы пайдалануға беріліп отыр. Жаңа орталық озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Аталған орталық өткен жылы қаңтар айында Жамбыл ауданының Аса ауылында ашылған. Бір ауысымда 50 адамды қабылдай алатын нысанда ересектер мен балаларға жолдама арқылы, үшінші кезеңдегі оңалту бойынша және стоматологиялық тегін міндетті медициналық сақтандыру бойынша көмек түрлері көрсетіледі. Жылына 500 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар орталықта ем алушыларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда физиотерапия, терапия, неврология, емдік дене шынықтыру, жаттығу залы және массаж бөлмелері бар. Емделушілерге реабилитолог, стоматолог, невропатолог, педиатр, психолог, логопед, кардиолог дәрігерлер кеңес беріп, көмек көрсетеді.
– 2020-2021 жылдар аралығында орталықта күндізгі стационарлық оңалту бойынша 498 науқас емделіп шықты. Сондай-ақ амбулаториялық оңалтудан 8299 қызмет, стоматологиялық көмектен 11116 қызмет және қосалқы көмек түрлерінен 11323 қызмет көрсетілді. Жаңа ашылған орталықта 23 маман қызмет етеді, – деген Инара Сәрсенқызы.
Орталықтың негізгі басым бағыты сапалы кешенді оңалтуға деген қолжетімділікті арттыру.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
журналист.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support