Жаңалықтар

Ақкөлдіктер тегіс «Аq jol» оқиды

Ақкөлдіктер тегіс «Аq jol» оқиды

Жазылым мәселесі бойынша Талас ауданының Ақкөл ауылына бардық. Осында ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп бар. Білім ордасын алты жылдан бері Қымбат Көпелбекова абыроймен басқарып келеді. Мектепте 70-тен астам адам еңбек етеді. 185 оқушы бар. Домбыра, қолөнер, ақындық үйірмелер жұмыс істейді. Шопандардың баласы үшін жайлы интернат та қарастырылған. Домбыра үйірмесінен Талғат Нұрмолдаев, әдебиетші ақын Ерімбет Досалиев, еңбек технологиясынан Мейірбек Байбеков сабақ береді. «Жылда біздің ұжымымыз 35 дана «Аq jol» газетіне жазылатынбыз. Келесі жылы бұл газеттің жарық көргеніне 100 жыл толатынын біліп отырмыз. Осы торқалы тойдың құрметіне жүз газет болмаса да, 50 газетке жазыламыз деп межелеп отырмыз, – дейді мектеп директоры Қымбат Көпелбекова.

«Aq jol»-Aqparat».