- Advertisement -

Мәслихаттардың белсенділігін арттыру қажет

212

- Advertisement -

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшыларымен кездесті. Кездесуге Сенат депутаттары, «Өңір» депутаттық тобының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауда өңірлердің дамуына қатысты бірқатар міндеттердің орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Бұл ретте бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау және Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу – мәслихаттардың негізгі міндеттерінің бірі.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар жергілікті өкіл және атқарушы биліктің дербе стігін арттыру, өкілеттіктерді орталықтан жергілікті деңгейге беру және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды нығайту мәселелері туралы өз ойларымен бөлісті.

Мен сол жиында депутаттардың өңірде атқарып жатқан жұмыстары туралы, мәслихаттардың Сенатпен бірлесіп жұмыс істеуде белсенділігін дамытуға байланысты өз ұсыныстарымды айтып, баяндама жасадым.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 18 тамыздағы №639 Жарлығымен «Қазақстан Ре спубликасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдамада барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру, олардың қызметіне жаңа серпін беру қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар «халықтың мәслихат депутаттарына, олардың қызметіне деген сенім деңгейінің төмен екендігі байқалуда», – деп бізге үлкен сын айтылды.

2020 жылы ақпан айында Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған оқиғалардан кейін «Депутаттар қайда қарады? Неліктен мемлекеттік және атқарушы органдардың алдында осы мәселелер уақтылы қойылмады? Неліктен халықтың арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылмады?» деген сияқты заңды сұрақтар қойылды.

Яғни бүгінде сайлаушылардың мәслихат депутаттарына сенімін арттыру, халықпен «кері байланысты» нығайту, осы бағытта жұмысты кешенді және жүйелі түрде ұйымдастыру – өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан бүгінгі мәслихат депутаттарының құзыреттілігіне, кәсіби даярлығына, білімі мен біліктілігіне жаңа талаптар қойылады. Депутаттық мандаттың артында үлкен міндет тұр.

Мысалы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттар құрамы 85 процентке жаңаланды. Олардың кәсіби деңгейі, депутаттық қызметке даярлығы да әртүрлі. Биыл барлық депутаттар ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облыстық филиалының базасында 36 сағаттық курсынан өтті. Бірақ бұл жерде бір мәселеге назарларыңызды аударғым келді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының жаңадан қосылған 21-3-бабында былай деп көрсетілген: «3. Мәслихаттар депутаттарының біліктілігін арттыруға жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында жүзеге асырылады». Біздің ойымызша, бұлай шектеу қоюға болмайды. Себебі елімізде басқа да біліктілікті арттыруға негізделген үлкен орталықтар бар. Сондықтан мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруды бәсекелестік ортаға беру қажет шығар. Мысалы, «Nur Otan» партиясының жанындағы Жоғары саяси менеджмент мектебі депутаттық корпустың басым бөлігі «Nur Otan» партиясының тізімінен құрылғанына байланысты, осы мектептің қызметін пайдалануды ұсыныс етеді.

Сонымен қатар депутаттарды оқыту бағдарламасы облыстық деңгейдегі депутаттар үшін, сондай-ақ қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттары үшін жеке-жеке жасалуы тиіс. Бұл ретте депутаттарды оқыту процесінде бюджеттік бағдарлама бойынша заңнамалық базаны зерделеуге, облыстың үкіметтік емес секторымен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға, депутаттардың халықпен жұмысының жаңа нысандарына, олардың әлеуметтік жүйелерде жұмыс жасау мәдениетіне басты назар аудару қажет.

Депутаттар халықпен «кері байланысты» дамыту мақсатымен әлеуметтік жүйелерді кеңінен пайдалануда. Мәслихаттың ресми с айтының құрылымы және контенті жетілдірілді. Сессиялар және тұрақты комиссиялардың отырыстарынан «Aitub» кана лы арқылы тікелей т рансляция жасалынады. Мәслихаттың «Faceboоk» және «Instagram»-да жеке парақшалары ашылды. Блогерлердің депутаттарды белгілеп, қойып жатқан сұрақтарына қарасақ, халық әлі де мәслихат депутаттарының жұмысын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзырындағы мәселелермен шатастырады. Осы түсінбеушілікті жою мақсатымен «Nur Otan», «Ауыл» және «Ақ жол» фракцияларының мүшелері аудандарда көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Халықтың қойған мәселелерін шешудің бір жолы – депутаттық сауалдар. Биылғы 15 қаңтардан бастап облыстық мәслихат депутаттары тарапынан әкімге, мемлекеттік органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына 134 депутаттық сауал жіберілді. Өкінішке орай олардың 1/3-не жалпылама жазылған, формальды жауаптар келді. Осыған байланысты депутаттық сауалдарға берілген жауаптар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатымен облыстық мәслихат хатшысының өкімімен уақытша комиссия құрамы бекітіліп, ол комиссияға мәслихат депутаттары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі кірді. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша облыс әкіміне тиісті анықтама дайындалып беріледі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1- бабы «депутаттық сауалға берілетін жауапқа жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс» деген нормамен толықтырылды. Бұл өте дұрыс деп ойлаймыз. Себебі, мысалы, облыс әкімінің атына берілген депутаттық сауалға басқарма не бөлім басшысы жауап беретін жағдайлар жиі кездесетін.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қайырымды істер марафоны» деп аталатын жобаны жариялады. Осы жобаның аясында «Қайырымды мәслихат» марафоны өткізіліп, жалпы 200 миллион теңгеден астам қайырымдылық және басқа ізгі шаралар ұйымдастырылды. «Таразға тарту» ретінде «Депутаттар аллеясы» жасалынды.

Сөзімнің соңында мәслихат депутаттарының жұмысын бағалау туралы айтқым келеді. «Nur Otan» партиясының депутаттық қызметіне КРІ әдістемесі енгізу мақсатымен 3 аймақта (оның ішінде Жамбыл облысы бар) пилоттық жоба әзірленді. Енді ол механизм барлық деңгейдегі мәслихаттарда пайдаланылатын болады. Фракция жетекшілеріне және мәслихат хатшыларына қосымша индикаторлар мен көрсеткіштер кіргізілген. Бұл әдістемені жетілдіру бойынша біз нақты ұсыныстар бердік. Олар ескеріледі деп ойлаймыз. Жалпы бұл рейтинг мәслихат депутаттарының қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға, олардың халық алдында жауапкершілігін күшейтуге, депутаттың қызметін нақты бағалауға бағытталып отыр.

Махметғали САРЫБЕКОВ,

Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы, Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support