- Advertisement -

Жемқорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың міндеті

30

- Advertisement -

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді. Осыған орай, жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жиын өтті.

Басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған жол бермеу бағытында сөз өрбітті. Спикер оңай жолмен пайда таппақ болған парақорлар әрекеті жазасыз қалмайтынына әрі оның қазіргі таңда қатаңдатылғанына тоқталды. Сонымен қатар, кездесу барысында көпшілік назарына елімізде жемқорлыққа қатысты қылмыстарға жасалған шолуды және бейнероликті ұсынылды. Кездесу соңында ҚАЖ қызметкерлері А.Ажибаевқа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды.

Айта кету керек, аймақтық ҚАЖ департаментінің басшылығы әруақытта жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын үздіксіз ұйымдастырып отырады. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуге қоғам болып белсенділік танытып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоссақ, дамыған елдердің қатарында боларымыз сөзсіз.

Бақыт Алимжанова,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support