- Advertisement -

Ғасыр тойының қарсаңында

286

- Advertisement -

Қадірлі оқырман!

Өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз «Aq jol» газетінің жарық көргеніне алдағы жылы 100 жыл толады. Осынау жылдар ішінде «Aq jol» газетінің де жеткен жетістігі, бағындырған белестері, шыққан шыңдары көп. Басылымның алғашқы бас редакторы Алматинскаядан бастап қазіргі басшылыққа дейінгі аралықты сан тарау уақыттар, тарихи жазбалар, толайым табыстар жалғап жатыр. «Кедей еркі», «Сталиндік жол», «Еңбек туы» деген атаулармен жарық көрген басылымның өткен жылдарында қаншама құндылықтар бар. Осы облыс баспасөзінің қара шаңырағында Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов секілді заңғар жазушылардың да табанының табы қалған екен. Оның өзі бір тарих. Газетті 20 жылдан астам уақыт басқарған, 94 жастағы Баттал Жаңабайұлы ағамыздың ортамызда жүруі – үлкен бақыт, бүгінгі жас ұрпақтың олжасы деп түсінеміз. Ғаламат бас редакторлар, жүздеген қаламгерге ұстаз болған, марқұм ағаларымыз – Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулеттен де өнегелі із, елеулі еңбектер қалды. Әр жылдары осы газетті басқарған Ғалым Қасабай, Қуаныш Иембердиев, Көсемәлі Сәттібайұлы, Қуат Әуесбайдың да қолтаңбасы газеттің сарғайған тігінділерінде жатқаны анық.
Газетіміздің ғасырлық мерейтойы қарсаңында «АULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Aq jol» газетінің редакциясы бүгін басылым ардагерлерінің басын қосып, осында еңбек еткен, бұл күнде өмірден озған марқұмдардың рухына құран бағыштап, бүгінгі жас буын алдыңғы толқын ағалардан бата алмақ. Осы орайда редакция басшылығы газеттің жүріп өткен белестерінен, әр жылдардан фотошежіре жариялап отыр. Сарғайған суреттер сыр шертеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support