Жаңалықтар

Қасіретті де, қасиетті күндерден сыр шертеді

Қасіретті де, қасиетті күндерден сыр шертеді

Қым-қуыт тірліктен қол қалт етсе осыдан үш жыл бұрын Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтан ашылған «Желтоқсан-86» орталығына барып тұрамын. Бірінші, орталық алдындағы биік тұғырдағы Қайрат батырдың ескерткішіне тағзым етемін. Үш бөлімнен тұратын желтоқсан-жәдігерлеріне, сол бір аязды күндерде түсірілген суреттерге, өзіміз көтеріп шыққан транспаранттарға  қараған сайын көз алдыма 86 жылдың желтоқсанындағы Алматының орталық алаңындағы аласапыран келеді. Алаңға қарай жан-жағынан ағылып жатқан жастар билеуші компартияның жариялылық пен демократиясына сенгендіктен де тым алаңсыз еді.  Күн батып, қас қарая ерекше жағдайда әрекет ететін әскерлердің шоқпарынан қан-жоса болып, өрт сөндіргіш машиналардан шашқан суық суынан үсті-басымыз мұз болып қатып қалғандағы көрген азап кино лентасындай көз алдымнан тізбектеліп өте береді...