- Advertisement -

Бұқарамен кері байланыс – басты назарда

79

- Advertisement -

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімі аппаратында өтініштерді қарауды бақылау бөлімі құрылды.

Бөлімнің аталуы мен оған жүктелген бақылау функцияларын ескере отырып, мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын жақсартып, арттыру шаралары қабылданды. Бөлім басқармалар мен қала және аудан әкімдіктерін өтініш иелерімен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіруге ынталандырды. Өтініш берушінің жоғары тұрған органға хабарласуын күтпей, тиісті жұмыстың сапасын өз деңгейінде қамтамасыз ету әлдеқайда нәтижелі болатындығына көзіміз жетті. Бөлім жұмысының басты мақсаты да осы.
Өтініш берушінің көзқарасы тұрғысынан оның үніне құлақ асу дегеніміз – өз сұрақтарына мемлекет тарапынан қанағаттанарлық жауап алуды немесе көтерілген мәселені қалай шешуге болатындығы туралы қолжетімді және ұғынықты мәлімет алуды білдіреді.
Ағымдағы жылдың 9 айында жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 51 077 өтініш түскен. Оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 4033, облыс әкімдігінің басқармаларына – 6272, Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктеріне 40772 өтініш қабылданыпты. Барлық өтініштерге мерзімінде сапалы жауаптары берілген.
Есепті аралықта жергілікті атқарушы органдардың әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 3287 азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында мәселелері шешіліп, түсініктері берілген.
Облыс тұрғындарын толғандырып отырған мәселелердің қатарында халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын үй алу туралы – 10,1%, коммуналдық қызмет көрсету – 9,5%, материалдық көмек көрсету – 15,1% және басқа да мәселелер 65,3% құрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Сонымен қатар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі енгізіліп, облыста бүгінгі күні «Е-өтініш» жүйесіне 1358 ұйым қосылды (облыс әкімдігі – 1, облыстық мәслихат – 1, бақылау комиссиясы – 1, қалалық әкімдік – 1, қалалық мәслихат – 1, аудандық әкімдіктер – 10, аудандық мәслихаттар – 10, ауылдық округтер – 156, басқармалар – 26, бөлімдер – 136, бағынышты ұйымдары – 47, ХҚКО – 13, медициналық және білім беру мекемелері – 955).
— облыс деңгейінде 73 (облыс әкімдігі – 1, басқармалар – 26, тексеру комиссиясы – 1, облыстық мәслихат – 1, облыс әкімдігінің білім басқармасы – 11, облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттары – 12, бағынышты ұйымдары – 21);
— қала деңгейінде 174 (қала / аудандық әкімдіктер – 11, қала/аудандық мәслихаттар – 11, бөлімдер – 125, қалалық басқармалар – 14, ХҚКО – 13);
— ауылдық округтер деңгейінде – 156;
— медициналық және білім беру мекемелері (мектептер, емханалар) – 955.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің жіті бақылауында.

Расул МЕДЕТОВ,
облыс әкімінің аппарат басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support