Жазаны өтеудің жеңілі - қоғамдық жұмыс
Жазаны өтеудің жеңілі - қоғамдық жұмыс
Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген қоғамдық жұмыстарды орындауда. Олар жергілікті әкімдік белгілеп берген ағаш кесу, шаһар көшелерін тазалау секілді дала жұмыстарын атқаруда. Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Калықтың айтуынша, пробация қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға тартылған есепте тұрған азаматтарды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады. - Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін біз жергілікті әкімдікпен қадағалап отырамыз. Егер жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деді Қуаныш Ерболатұлы. Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінде қоғамдық жұмысқа тартылған 14 сотталғанның жеке ісі қамаққа алумен алмастырылды.
Әмина Масатбай, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің әділет аға лейтенанты