- Advertisement -

Жәрдемақыны онлайн рәсімдеу, уақытты үнемдейді

47

- Advertisement -

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бірқатар мемлекеттік қызметтер онлайн форматта оңай алуға болатындай қылып әзірлеу берілген болатын. Соның негізінде елімізедегі екінші деңгейлі банктер мемлекеттік қызметтерді өздерінің қосымшалары арқылы жүзеге асатындай қылып әзірледі. Алғашқылардың бірі болып Halyk Homebank пен Kaspi.kz банктері мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға кірісіп кетті. Төмендегідей нұсқаулық негізінде барлық жұмысты үйден шықпай ақ жасауға болатыны туралы төмендегідей нұсқамалықтан оқып білсеңіздер болады.

Енді сіз Halyk Bank пен Kaspi.kz танымал банктік қосымшалар арқылы жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алуға өтініш бере аласыз.

Halyk Homebank пен Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау және бір жасқа толғаннан кейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін Сізге:

✅ мемлекеттік қызметтер бөліміне өтіңіз;

✅ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау;

✅ «Баланың тууына жәрдемақыны» таңдаңыз;

✅ өтініш берілетін баланы таңдаңыз;

✅ барлық деректерді тексеріңіз және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.

Бұрын Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан, Портал Egov.kz арқылы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS қызметін пайдалану арқылы өтініш беру мүмкін болды. Айта кету керек, бұл қызмет жоғарыда аталған қызметтер бойынша ең танымалдардың бірі болып табылады және халық арасында үлкен сұранысқа ие. Сонымен, 2021 жылы: ХҚО арқылы — шамамен 344 134, eGov.kz порталы арқылы 144 751 және «1414» SMS қызметі арқылы 209 351 өтінім берілді

 

Еркін Жапаров,

халыққа қызмет көрсету бойынша

Тараз қалалық №2 бөлім басшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support