Таразда түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 95 дана сим-карта тәркіленді
Таразда түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 95 дана сим-карта тәркіленді
Бұл жолы «тосын сый» аяқ киімге арналған «KIVI» маркалы кремінің құтысының ішіне жасырылған. ЖД-158/7 мекемесінің және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесінде жазасын өтеушінің біріне келген сәлем-сауқаттан «Билайн» операторының - 46, «Алтел» операторының - 12, «Теле - 2» операторының - 26 және «Актив» операторына тиесілі 11 сим-карта табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда заңды бұзған 37 жастағы шымкенттік азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481 бабының 1 тармағы бойынша жауапқа тартылды.
Мөлдір Әбеуова, ЖД-158/7 мекемесінің қызметкері