Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Олимпиада және Әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық  республикалық турнир басталды. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 12-14 қараша күндері өтеді. Турнирге еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командалары қатысуда. Қатысушылар: 45 кг, 48 кг, 51 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг және 110 кг салмақ дәрежелерінде сынға түседі. Жарыста I, II, III орын  алған  спортшылар  арнайы  медаль,  дипломмен  және  ақшалай  сыйлықтармен  марапатталады. 1-орын  -  300 000 теңге 2-орын  -  200 000 теңге 3-орын  -  100 000 теңге Әр  салмақ  дәрежесі  бойынша  жеңімпаз  спортшының  жаттықтырушысына  - 100 000 теңге беріледі.