Жаңалықтар

«Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» керуені Түркістанға жол тартты

«Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» керуені Түркістанға жол тартты

12-13 қараша күндері Жамбыл облысының Түркістан облысындағы мәдени күндері өтеді. Облысымыздың мәдени күндерінің бағдарламасына сәйкес, «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен ұйымдастыру, облыстық кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты кітап экспозициясын,  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» тақырыбындағы жылжымалы көрмесін, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары мен облыстан шыққан эстрада жұлдыздарының гала-концертін өткізу, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Жамбылдың қызыл жолбарысы» қойылымын сахналау жоспарланған.