Денсаулық

Сотталғандардың денсаулығы бақылауда

Сотталғандардың денсаулығы бақылауда

Жазаны орындайтын мекеме міндеттерінің бірі – денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бас бостандығы шектелген азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген  адамдарға  медициналық көмек көрсету. Жуырда облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлерінің көмегімен облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде арнайы контингенттер арасында медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық шара барысында сотталғандарға терапевт, эндокринолог хирург, офтальмолог, невропотолог, оторинолог, стоматолог, уролог және гинеколог сияқты мамандары көмек көрсетті. – Аталған профилактикалық шара барысында 176 адам тексерілді. Дәрігерлер мекеменің медициналық бөлімінің жұмысына сондай-ақ медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігіне оң пікір білдірді. Көп жылдар бойы біздің мекемемен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлеріне алғыс айтамыз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.

Мадина Сухамбердиева,

ЖД-158/5 мекемесінің медбикесі