«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің құттықтауы
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің құттықтауы
Құрметті жамағат! Баршаңызды Ұлық мереке–Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Сабырлық пен салиқалыққа үндейтін Ислам діні адамзаттың ізгі құндылықтарын уағыздайтын дін. Бұл – елдің ынтымақ-бірлігі, қанағаты мен қайырымдылығын арттыратын мейрам. Еліміз ғасырлар қойнауынан халқымызбен үндесіп келе жатқан мұсылман қауымының Құрбан айт мейрамы тәуелсіздік алған күннен бастап өзінің жаңаша жылнамасын бастады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Құрбан айт Қазақстан халқының мерекесі болып жарияланды. Мұның өзі көпұлтты халқымыздың тату-тәтті бірлігі мен ынтымағының одан әрі жарасым тауып, біртұтастығының нығая түсуіне көп септігін тигізуде. Құрбан айт қоғамда бауырмалдық, бір-біріне жәрдемдесу, қол ұшын беру, рухани тұтастықты күшейтудің жолы. Жарқын да мейірімді мереке құтты болсын дей отырып, Сіздерге ынтымақ-бірлік, шаттық пен береке, еліміздің тәуелсіздігі баянды болуын және әр шаңыраққа көңіл жарасымы мен бақыт тілейміз!