- Advertisement -

«Өзің оқы, өзгені шақыр!»

394

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен облыстық «Ak Jol» газетінің 100 жылдығына орай, Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын негізге алып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, отбасылық оқу үлгісін қалыптастыру, әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Өзің оқы, өзгені шақыр» атты топтық байқау өтті.

Байқауға облыс көлемінде Байзақ, Меркі, Саудакент, Жаңатас, Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу аудандық орталық кітапханасының зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің оқырмандары және Тараз қаласынан Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының оқырман тобы қатысысты.
Байқаудың жалпы мақсаты кітапханаға оқырмандарды тарту және оқуды насихаттау, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақыру, оқу сауаттылығын арттыру, заманауи қоғамдағы табысты, бәсекеге қабілетті және заманауи қоғамда өзара іс-қимыл жасай білетін тұлғаны қалыптастыру, ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау болды.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры, ақын Хамит Есаман Ерболатұлы, «Aq Jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт Әбдірашұлы, Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алтынбекова Гүлнұр Пернебекқызы және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ардагері Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы, кітапхананың ақпараттық библиографиялық бөлімінің бөлім меңгерушісі Оразқұлова Айгүл Мейманқұлқызы әділ қазылық етті.
Байқаудың талаптары бойынша 3 (үш) оқырманнан құралған топ ұсынылған 120 (жүз жиырма) кітаптың 40 (қырық) кітабын оқуы, ал мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандар тобына 120 кітаптың 15-ін оқуы шарт болды.
Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен «Aq Jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт Әбдірашұлы «Aq Jol» газетінің редакциясы атынан Байзақ ауданының оқырман тобы мен Айғаным Асқарбек және Атайбеков Медетті ынталандыру сыйлығымен марапаттады. Ал, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханасының зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырманы Емберді Байжанды Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алтынбекова Гүлнұр Пернебекқызы ынталандыру сыйлығымен марапаттады. Сонымен қатар Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы мен Саудакент ауылдық кітапханасының зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырман тобын кітапхананың ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Бүгінгі байқаудың талаптары бойынша көп кітап оқыған, ең үздік оқырман топтары бойынша зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырман тобы Меркі ауданы III орынды, Жаңатас ауданы II орынды және Т.Рысқұлов ауданы I орынды жеңіп алды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support