Жаңарған Жамбылдан жерұйық Жетісуға жалынды сәлем
Жаңарған Жамбылдан жерұйық Жетісуға жалынды сәлем
Мұнан соң жамбылдық делегация Талдықорған қаласына жол тартты. Ол жақта бірқатар мәдени және рухани іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, жамбылдық делегацияны Алматы облысының әкімі Амандық Батталов қабылдады. Сондай-ақ біздің өңірдің облыстық тарихи-өлкетану музейі алматылықтарға көрме ұйымдастырды. Жамбыл өңірінің аса құнды жәдігерлері талдықорғандықтардың назарын аударып, қызығушылығын тудырды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітап көрмесі де көрші облыс халқына ерекше тарту болды. Сондай-ақ К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртістері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында жергілікті тұрғындарға «Жаңарған Жамбылдан – жерұйығы Жетісуға!» атты мерекелік концерт ұсынды. Бұл концертте жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, Мәдениет саласының үздігі Ғани Мәтебаев бастаған өңіріміздің майталман әншілері ән шырқаса, «Алатау» фольклорлық ансамблінің, «Ақкербез» және «Айша бибі» бишілер тобының өнері де көпшілікті тәнті етті. Бүгін әртістері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Асқар Тоқпанов атындағы облыстық драма театры ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаев) «Жамбылдың қызыл жолбарысы» атты шығармасын сахналайды.
Есет ДОСАЛЫ