- Advertisement -

«Алғашқы жұмыс орны жобасы» жемісін береді

55

- Advertisement -

Әлеуметтің әл-ахуалын жақсартудың бірден-бір жолы – тұрақты табыс табуға жол ашатындай жұмыспен қамту. Міне, сондықтан тұрғындардың тұрмыс жағдайын түзеу бағытында аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Негізгі мақсат – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.

Еліміздегі халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы табысын арттыру, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтуға тарту бағыттарын көздейтін бағдарламаның аясында нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» бойынша биыл кәсіби даярлау оқуына 50 адам оқыту жоспарланып, 11267,0 мың теңге қаражат бөлінген болатын. Қазір соның 4000,2 мың теңгесі игеріліп, 50 құландық (дәнекерлеуші, аспазшы, тракторист, автослесарь) еңбек нарығындағы сұраныс бар жұмысшы мамандықтар бойынша оқуға жолдама алды.

Бағдарламаның ІІ бағыты  «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 146 азаматқа несие беру, кәсіпкерлік негіздері бойынша 240 азаматты оқыту жоспарланып, 1340 адамға жолдама берілді. Оқуға жіберілгені – 273, соның 268-і сертификаттарын алды. Сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 200 азаматқа 116680,0 мың теңге мемлекеттік грант беру көзделген еді. Қазір 200 құландық азамат, оның 91-і жастар  116680,0 мың теңге қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастап, кәсіп игеруде. Ал микрокредиттік ұйымдар арқылы 157 адамға 645,6 миллион теңге несие берілді. Оның 19-ына  79,9 миллион теңге қайта қаржыландыру арқылы қаржы қарастырылған. 138 тұрғынға берілген 565,7 миллион теңге – «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде биыл бөлінген қаражат.

Бағдарламаның  ІІІ бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша осы жылы  Жастар практикасымен 100 жас түлекті  жұмысқа жіберу жоспарланғанын айта кеткен жөн. Осы бағытта 43755,0 мың теңге қаражат бөлініп, жас мамандарға толықтай тәжірибе жинауға мүмкіндік туды.

Тағы бір айта кететіні, әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 18860,0 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 92 азамат әлеуметтік жұмысқа жолданды. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 440003,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік жасау үшін қаражатты мейлінше мақсатты жұмсап, жоспарланған 698 тұрғынның орнына бүгінгі күнге 736 адам жұмысқа жолданды. 1483 аудан тұрғыны тұрақты жұмыс тапты.

Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 2625,0 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 5 адам жұмысқа жіберілді. Алдағы уақытта бұл жоба еңбекпен қамтудағы тасада қалып келе жатқан түйткілдерді шешіп, тұрғындардың тұрақты табыс табуына жол ашатынына сенім мол. Ал ел аумағында азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру бойынша ауданымыздан Қостанай облысына – 2 (11 адам), Шығыс Қазақстанға  – 2 (6 адам) және Солтүстік Қазақстан өңіріне  1 отбасы (5 адам)  қоныс аударды.

Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылатыны белгілі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасы еліміз өңірлерінде қарқынды жүргізілуде. Биыл аудан  бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 жоба бекітілген болатын. Олар –  Шөңгер ауылына газ құбырын жүргізу, Құлан ауылындағы Арай алабына кәріз жүйесін жүргізу. Жалпы 2 жоба бойынша 18 уақытша жұмыс орны ашылды. Оның 14-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтар. Жалпы жобалардың құны 123,197 миллион теңгені құрайды.

Мөлдір ТАСТАНБЕК,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

 Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support