- Advertisement -

Қазақстандағы ең танымал компьютерлік ойындар аталды

81

- Advertisement -

Киберспорт федерациясының PR директоры Батырхан Тоғайбаев Қазақстандағы киберспорттың танымалдылығы, ең танымал компьютерлік және мобильді ойындар туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үлкен қызығушылық

Батырхан Тоғайбаев Қазақстанда халықтың айтарлықтай бөлігі, яғни 3,5 миллион адам киберспорт пен онлайн ойындарға қызығушылық танытатынын айтты. Оның айтуынша, оның 62,1 пайызы — ерлер, 37,9 пайызы — әйелдер.

«Бұл тізімге тек киберспорт жарыстарын көретіндер ғана емес, сонымен қатар тұрақты түрде компьютер немесе консоль ойындарын ойнайтындар да есепке алынды», — деді ол.

Бұл ретте PR-директор 3,5 миллион адам алып көрсеткіш емес екенін, Қазақстан алға талпынуы керек екенін айтты.

«Жалпы, DFC Intelligence жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемде 3,1 миллиард адам видео ойындарды ойнайды, бұл әлем халқының 40 пайызын құрайды», — деді Батырхан Тоғайбаев.

Үлкен аудитория

Болжамдарға келетін болсақ, Киберспорт федерациясының PR-директорының айтуынша, алдағы бес жылда кемінде 5 миллион қазақстандық киберспорт пен онлайн ойындарға құмар болады.

«Әңгіме өскелең ұрпақ туралы болып отыр. Сонымен бірге балалар да, ересектер де ойынға құмар. Ал егер оларды бір жас шегіне сәйкестендірсеңіз, бүгінде 13-тен 30-ға дейін. Бұл үлкен аудитория», — деді Тоғайбаев.

Жарыстар

Ол соңғы үш жылда Қазақстанда киберспорт бойынша 435-ке жуық турнир өткенін, оның пікірінше, бұл қазақстандықтардың киберспортқа деген құлшынысының артқанын көрсететінін айтты. Ол елімізде киберспортшылар саны өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Ұлттық турнирлер өтетін Қазақстандағы Pinger.Pro ойын платформасын пайдаланушылардың жалпы саны осы уақыт ішінде он есе өсті — 13,2 мыңнан 142,5 мыңға дейін. 2020 жылы платформаны пайдаланушылардың ай сайынғы өсімі өткенде 8 мың адамға жеткен», — деді ол.

Батырхан Тоғайбаев елде мобильді киберспорттың да танымал болып келе жатқанын айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, киберспортпен айналысу үшін ойын компьютерін сатып алудың қажеті жоқ, жақсы смартфон болса жеткілікті», — деп бөлісті Батырхан Тоғайбаев.

Қорытындылай келе, Киберспорт федерациясы Қазақстандағы ең танымал компьютерлік ойындардың тізімін де жариялады: CS: GO, PUBG, Dota2, Apex Legends, FIFA 22, PES, Fortnite, Minecraft, Rainbow Six, Rocket League, League of Legends.

Ұялы телефондағы ең танымал ойындар: PUBG Mobile, Mobile Legends, Garena Free Fire, Brawl Stars, Clash Royal, Hearthstone.

Еске салайық, 2018 жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support