- Advertisement -

ТЖ Министрі «Абай» шахтасындағы қайғылы жағдайға түсініктеме берді

57

- Advertisement -

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метанның кенеттен таралуы салдарынан алты кенші қаза тауып, екеуі зардап шеккен оқиға орнында Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингте ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин хабарлады.

Үкімет комиссиясының атынан ТЖМ басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты.

– Президенттің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Ол аталмыш ТЖ туындауының барлық себептерін анықтау аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады. Қаза болғандардың отбасыларына және бүгінгі күні ем алып жатқан адамдарға жан-жақты көмек көрсетіледі, – деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, апаттың себебі кенеттен газдың таралуы болды.

– Кенжарда сегіз адам болған. Олардың алтауы оқиға орнында қайтыс болды, екеуі ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Шахтада барлығы 64 адам болды. Жер бетіне уақытылы 56 адам көтерілді, – деп түсіндірді ТЖ Министрі. – Қазір қалыпты жағдай қалыптастыру үшін суды сору және ауаны газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жағдай тұрақталып, мүмкіндік туындаған бетте комиссия мүшелері мен тергеу тобы төтенше жағдай ошағындағы жағдайды анықтау үшін жер астына түседі.

Комиссияға барлық ведомстволардың өкілдері кірді: ІІМ, ТЖМ, еңбекті қорғау, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы.

ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Фактілерді және ТЖ себептерін жасыру болмайды. Комиссия мұндай фактілер орын алмауы үшін себептерді анықтау және ұсынымдарды одан әрі әзірлеу үшін қанша уақыт қажет болса, сонша жұмыс істейтін болады, – деп сендірді Юрий Ильин.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына Еңбек кодексінің талаптарына және компанияның ұжымдық шарт бойынша міндеттемелеріне сәйкес барлық көмек көрсетіледі.

«Абай» шахтасындағы төтенше жағдайға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» Көмір департаментінің барлық шахталарында ұңғыма кенжарлары тексеріледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support