- Advertisement -

Намазалы Омашев ой-толғамымен бөлісті

56

- Advertisement -

Қазақ радиосының 100 жылдығы және радио күніне орай облыс әкімдігі жастар басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы бірлесіп, жас ғалымдар мен ізденушілер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Іс-шараға елімізге  белгілі профессор, педагогика ғылымдарының докторы Намазалы Омашев қатысып, «Қазақ радиосының тарихы» туралы баяндама жасады.  Ғалым  қазақ радиосының құрылу кезеңдеріне, ғасырға жуық уақыттағы көтерген жүгіне, атпал журналистердің еңбегіне кеңінен тоқталды.

Мұнан соң облыстық «Jambyl» телеарнасының аға редакторы, облыстық радионың жетекшісі Бақытжан Советұлы «Жасампаз Жамбыл радиосы» тақырыбында баяндама жасап, облыстық радионың кешегі және бүгінгі тынысына тоқталды. Кейбір мәселелерге де тоқталып, Жамбыл радиосының тыңдарманмен бірге жасай беретінін нық сеніммен айтты.

Конференция барысында жас ғалымдар, жастар  журналистиканың қоғамдағы рөлі, радионың бүгінгі кезеңі жөнінде ойларымен бөлісті. Сондай-ақ олар арнайы келген қонақтарға, радионың ыстық-суығына төзген майталман мамандарға өздерінің сұрақтарын да қойып, лайықты жауап алды.

Конференцияны ұйымдастырушылар Алматыдан арнайы ат терлетіп келген ғалым Намазалы Омашевқа алғыс айтып, құрмет көрсетті. Жиында радио толқынның жетістіктері сараланып, конференция  ашық пікірталасқа ұласты. Бұл ретте жастар да өздерінің ойларын айтып, көкейдегілерімен бөлісті. Мұндай  маңызы жоғары жиындардың жастарға берері көп.

Іс-шараның өтуіне Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Дәулет Төлендінің үлкен үлес қосқанын айта кеткен жөн.  Ғасыр жасаған радионың тарихы, жетістігі, табыстары алдағы уақытта да қозғала беретіні анық.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support