Денсаулық

Жамбылдық журналистер бас жүлдені жеңіп алды

Жамбылдық журналистер бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында белгілі тележурналист Амангелді Сейітханды еске алуға арналған бильярдтан турнир өтті. "Ақ жол" партиясы өкілдері демеушілік танытқан тастаяқ додасына жамбылдық команда да қатысты. width=

Өңірдегі "Ақ жол" газетінің қызметкерлері Табиғат Абаилдаев пен Ерғали Қартайған, журналист Серік Тәжібаевтан құралған команда турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!