- Advertisement -

«Jambyl» телеарнасы көрерменді жаңа жеті жобамен қуантпақ

79

- Advertisement -

Отыз жылдан астам тарихы бар облыстық «Jambyl» телеарнасының ұжымы қай кезде де көрермен қауымды тың жобаларымен қуантудан танған емес. Білікті мамандардан жасақталған ұжым биылғы жаңа маусымда да тосын, тың жаңалықтарымен көзі қарақты көрермендерінен сүйінші сұрап отыр.

Мейіржан Әлібекұлы басқаратын телеарна қызметкерлері жаңа маусымда жұртшылық назарын жаңа жеті жобаға аударуды көздейді.

Телеарна ұжымының жаңа маусымының ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сала ардагерлері, қаламгерлер арнайы қатысып, журналистерге ізгі тілегін білдірді.

– Қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі зор екені рас. Билік пен бұқара арасындағы алтын көпірді де журналистер лайықты жалғап тұр. Тілшілердің тынымсыз еңбегінің арқасында жергілікті атқарушы билік өңірдегі өзекті мәселелерден хабардар болып, олардың шешілу жолдарын жан-жақты зерделейміз. Жұртшылық та облыстағы жағымды жаңалықтар мен атқарылған жұмыстарды сіздер арқылы біліп отырады. Телеарнаның өсіп-өркендеуі жолында ардагерлердің атқарған жұмысы да аз емес. Отыз жылдан астам тарихы бар ұжым жаңа маусымда көрермендерге тағы да жаңа жеті жоба ұсынып отыр.

Бүгін радио қызметкерлерінің төл мерекесі екені мәлім. Біз үшін радионың орны қай кезде де бөлек. Елімізде радио саласы ғасырлар бойы өркендеп келеді. Биыл «Қазақ» радиосының 100 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастыру жоспарымызда бар. Жалпы журналистер бірыңғай мақтай бермеуі керек. Қажет жерінде сынай да білген дұрыс. Сол арқылы біз де жұрттың мәселесін біліп отырамыз. Ұжым көрермен назарына ұсынғалы отырған жобалардың барлығы да құнды деп білемін. Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер, еңбектеріңіз елене берсін, – деді облыс басшысы құттықтау сөзінде.

Бұдан соң сала ардагері, жазушы-драматург Елен Әлімжан сөз алып, телеарна ұжымының жемісті еңбек атқарып жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол бірнеше ұтымды ұсыныстарын да жеткізді. Ақын Ғайни Әлімбекқызы жыл сайын тың жобаларымен, өткір тақырыптарымен елді қуантып жүрген ұжымға ризашылығын жеткізді.

Іс-шара барысында журналистер Бақытжан Советұлы, Лаура Әбдіқадір, Нұрқуат Рысдәулет облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айтпақшы, жаңа маусымды «Jambyl» телеарнасының тұрақты көрермендері ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығында жеткен жетістіктерді сұхбат түрінде жеткізуді көздеген «Тәуелсіздік таңы» хабарын, «Төл құрдас», «Шевели извилинами», «Билік бейнесі», «Ошағың сөнбесін», «Алтыншы күннің кешінде», «Әкім:Уәде мен үде» хабарларын елдің назарына ұсынады.

Табиғат Абаилдаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support