Жаңалықтар

«Парасатты отбасы» - 9 отбасы облыстық кезеңге өтті

«Парасатты отбасы» - 9 отбасы облыстық кезеңге өтті

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осыған орай Жуалы ауданында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі – аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасатты отбасы» онлайн байқауының аудандық кезеңі. Ауданнан 50 отбасы қатысып «Парасатты отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Саяхатшыл отбасы», «Жомарт отбасы», «Өндірістегі ең үздік отбасы», «Ең салауатты отбасы» номинациялары бойынша 9 отбасы облыстық кезеңге жіберілді.