- Advertisement -

Таласта 10 отбасы баспанамен қамтылды

229

- Advertisement -

Биыл бүкіл әлем үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас жыл болды. Тәуелсіздіктің 30 жылында елдікті нығайту мен Тәуелсіздігімізді баянды ету бағытында алға қойған ауқымды жобалар іске асырылып, жетiстiктерге қол жеткiзілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасында баспана мәселесі ауданымызда оң шешімін табуда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы 10 отбасыға Қаратау қаласы, Б.Момышұлы №11 үйден (құны 50 млн.) баспана кілттері табысталды. Баспана алушылардың арасында көпбалы отбасылар, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Баспана иелеріне кілт табыстау рәсіміне аудан әкімі Қанатбек Мәдібек пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев қатысты.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында баспаналы болу зор қуаныш. Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, қуаныш пен тыныштық орнасын! Қоныс тойы құтты болсын!», — деді Қанатбек Мәдібек.

Қоныс той иелерін құттықтаған Қ.Садубаев: «Бүгінгі оқиға – біздің барлық тұрғын үй кезегіндегі отбасылар үшін үлкен қуаныш. Жаңа пәтер Сіздердің отбасыларыңызға игілік пен береке, қуанышты сәттерді көптеп алып келсін. Сіздерді қос мереке: жаңа қоныстарыңызбен және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын» — деді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support