100 кітап тарту етілді

66

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі кітапханалардағы кітап қоры — 23 мыңнан данадан асады. Оның ішінде сүбелі шығармалар да мол.

Жуырда департаменттің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобының аға инспекторы әділет майоры Айгүл Танашева облыс орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың басшылығына хат жазып, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыруды сұраған. Өз кезегінде кітапхана басшылығы бұл өтінішті құп көріп, әртүрлі жанрдағы 100 кітапты сыйға тартыпты.

— Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау өңірлік ҚАЖ департаментінің үнемі назарында. Кітап сыйлаған кітапхана басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мекемелерде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазалы жандардың түзу жолға түсуіне – кітап өз септігін тигізетіне сенім мол, — дейді облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Comments are closed.