- Advertisement -

Бірлескен істің берекесі мол болмақ

42

- Advertisement -

Облыс әкімі Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшімен кездесті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесіп, суармалы су мәселесін талқылады.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл өңірінің көрші елмен қарым- қатынасының оң жолға қойылғанын, дегенмен кейінгі жылдары пандемия салдарынан бірқатар қиындықтарға тап келгенін жасырмады. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында мәдени байланыс, сауда-саттықты күшейте түсіп, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша жұмыстарды жандандыру жайы назарға алынды.

Сонымен қатар «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Басқа да бақылау-өткізу бекеттерін модернизациялаудан өткізу жайы сөз болды.

Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support