- Advertisement -

Санақ төңірегінде сауал көп

97

- Advertisement -

Соңғы күндері 1446 байланыс орталығына санақ парақтарын толтыру кезінде түрлі себептермен отбасы мүшелерін (балаларды, ата-аналарды, туыстарды және т.б.) қосуды ұмытып кеткендер мен ҚР аумағында уақытша тұрамын деген респонденттер жиі хабарласуда.

Егер тіркелген әрі санақтан өткен респондент санақ парағына өзгеріс енгізуді қаласа, байланыс орталығына немесе аймақтардағы жауапты тұлғалардың телефондарына хабарласуы қажет (тізім sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген).

Байланыс орталығына хабарласқаннан кейін, респон- денттерде үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерін қосу, уақытша тұрғанын көрсеткен азаматтар үшін тұрақты тұратынын белгілеп, 3-И санақ парағын өзі және қосылған отбасы мүшелері үшін толықтыру мүмкіндігі болады.

Бұдан бөлек, анкетаны қазанның 1-30 аралығында үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен де толтыруға болады.

17 қыркүйек сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 3883145 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 3352748-і sanaq.gov.kz сайтында, 379629 адам E.Gov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 150768 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Алматы облысы алда. Мұнда 407552 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 393942 адам Түркістан облысында тіркелген. Үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді. Мұнда 356180 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 111968 және 101136 адам санақтан өтіпті.

Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 34,8 пайызы сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 30,5 пайызы бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген).

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Қазақстанда әркім маңызды!

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support