- Advertisement -

Күзетшінің міндеті біреу, жауапкершілігі көп

540

- Advertisement -

Бүгін Дулати университетінде күзет қызметінің қызметкерлеріне арналған «Қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу жолдары» бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.

Қауіпсіздік шараларын күшейту және күзет қызметінің міндеттерін арттыру мақсатында өткен жинынға  Дулати университеті күзет қызметінің басшысы Өнербек Ноғаев, Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Р.Маханов, Тараз Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры А.Байділдаев және учаскелік полиция инспекторы М.Аханов қатысты.

Күзет қызметінің басшысы Өнербек Құлжабайұлының айтуынша, университет күзетшілері  екі ауысымда қызмет атқарады. Әр ғимаратын екі күзетші, бір аға күзетші күзетеді. Ауысым кезінде ғимаратты аралап, күзет басшысына есеп беріп, ауысымды тапсырады.

Жиналыс барысында құзырлы органдар Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, жарылғыш құрылғылардың белгілеріне, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда күзетшінің іс-әрекетіне және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуацияландыру жолдарына нақты тоқталды.

Алдағы уақытта университетіміздің күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты оқу-жаттығу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support